Bugin

"Қызым таксиге мініп кетті": жұмбақ жағдайда жоғалған қыздың тағдыры белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сюжеттен скриншот

Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

30 жастағы Динара Досымбекованы туған анасы өлтірді деп күдікке ілінді.

Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, "қызым таксиге мініп кетті" деп өтірік айтқан. Алайда қаладағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады.

Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов:

"Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды",-деп айтты.