Bugin

Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды кім жинады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Айдос Хайруллаұлы

Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден еліміздегі ең жоғары ұпай еншіледі. Ол тестілеудегі 140 сұрақтан 138 балл жинады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже. Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде білім алған. Бітіруші сыныпта "Грант" мектебінде оқыған. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді. 

Ведомство хабарламасында:

"Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і - "Алтын белгіге" , 2 466 оқушы - "Үздік аттестатқа" үміткер",-делінген.

Тестілеудегі бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі. Егер тестке қатысушы заң бұзушылық жасаса, тыйым салынған зат пайдаланса, нәтиже жарамсыз болып қалады.