Bugin

Эйфель мұнарасынан табылған табыттардың қандай құпиясы бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан кадр. kun.uz

1 маусымда белгісіз біреулер Эйфель мұнарасының маңына француз туы мен "Украинадағы француз солдаттары" деген жазуы бар бес табыт қойған. Париж полициясы оқиға бойынша тергеу жүргізуде. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі www.dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

3 маусымда AFP және Le Monde газетіске "шетелдікдердің қатысы бары" туралы белгілердің көбейіп жатқаны туралы хабарлады.

Осы жағдайға байланысты оқиға болған күні Берлинге автобусқа мінгісі келген үш ер адам қамауға алынды. Күдікке ілінген Болгария азаматы екі адаммен бірге көлікпен гипс толтырылған табыттарды Эйфель мұнарасына әкелген. Іске Германия және Украина азаматтары күдікті ретінде ұсталған. Франс Пресс ұсынған мәлімет бойынша, жауап алу кезінде үшеуі де бұл тапсырманы ақша үшін орындауға келіскендерін айтқан. Тапсырыс беруші жүргізушіге 120 еуро, қалған екі жігітке 400 еуродан ақы төлеген.

Le Monde атап өткендей, тергеу Эйфель мұнарасына жасалған шабуылдың болжамды ұйымдастырушыларын әлі анықтаған жоқ.