Bugin

10 жыл бойы іздеуде болған күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Күдіктіні елге алып келу сәті. Бас прокуратура

Бүгін, 4 маусымда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен 10 жыл бойы қылмыстық жауапкершіліктен қашқан күдіктіні экстрадициялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Бас пруратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылудан жалтарған. Күдікті 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан "Роллс-Ройс" маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақша алған. Кейін бой тасалап қашып кеткен.
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынған.
Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ведомство хабарламасында:

"Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды",-делінген.