Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желіге өзіне келген хаттың бірін жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хатта жүкті әйел сіңілісінен қорлық көріп жүргенін жазған. Сіңілісі әпкесін аяусыз ұрып, төбелесетін көрінеді. Тіпті ата-анасына да қол көтереді екен.
"Сіңілім 22 жаста. Әке-шешемді ұрады. Жұмыс істемейді. Үйде жатады. Екі қабат менімен де төбелеседі. Аямайды. Полиция келсе оларды да ұрып тастайды. Ауруханаға жатқызсақ анам шығарып алады",- дейді келіншек.
Еске салайық, бұған дейін немересінің әжесіне жасаған ерсі әрекеті туралы хабарлаған едік.