Bugin

“Әке-шешемді де ұрады”: Жүкті келіншекті сіңілісі аяусыз ұрған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желіге өзіне келген хаттың бірін жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Хатта жүкті әйел сіңілісінен қорлық көріп жүргенін жазған. Сіңілісі әпкесін аяусыз ұрып, төбелесетін көрінеді. Тіпті ата-анасына да қол көтереді екен. 

"Сіңілім 22 жаста. Әке-шешемді ұрады. Жұмыс істемейді. Үйде жатады. Екі қабат менімен де төбелеседі. Аямайды. Полиция келсе оларды да ұрып тастайды. Ауруханаға жатқызсақ анам шығарып алады",- дейді келіншек.

Еске салайық, бұған дейін немересінің әжесіне жасаған ерсі әрекеті туралы хабарлаған едік.