Bugin

Ақтөбеде жасөспірім қыз көпірден секіріп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видео скрині

Ақтөбеде учаскелік полицей суға секірген жасөспірім қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

"3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында бір қыздың отырғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберілді", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі өкілдері. 

Полицей оқиға орнына келген бойда суға секірген қызды көріп, көмекке ұмтылған. Жергілікті полиция қызметкері 13 жастағы қызды судан алып шықты. Дер кезінде жеткен әріптестері оны жағаға шығаруға көмектесті.

Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полиция қызметкерлер бұл оқиғаның себебін анықтап жатыр.