Bugin
Фото: Омаров Рустам. Видеодан скриншот
"Жди меня" бағдарламасында қазақстандық егіздердің жұмбаққа толы тағдыры туралы көрсетілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі танымал тележүргізуші Қымбат Досжанның желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бармысың, бауырым?" бағдарламасының жүргізушісы тағдырдың тәлкегіне түскен егіздер туралы:
"Омарова Дина Амангельдиновна 1971 дылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ол 1991 жылы қараша айында Аягөздегі перзентханада егіз ұл босанады. Екі аптадан кейін Дина егіздерінен бас тартады. Егіздің сыңарын 2 жасында бір отбасы асырап алған, екіншісі сәбилер үйінде қалған. Омаров Рустам енді сыңарын іздейді", -деп жазды.
Журналист жариялаған видеода Семейдегі балалар үйінен асырап алынған Омаров Рустам егізін шарқ ұрып іздеп жүргені туралы айтады.
Рустамды жақсы отбасы қарауына алған. Баланы асырап алғаны туралы деректі 28 жыл бойы жасырған. Ол қазір сыңарын халықаралық деңгейде іздестіріп жатыр. Рустам өмірде егізін кездестіруді қатты армандайды.Жас жігіт қазақстандықтардан өзіне осы жолда көмек көрсетуді өтініп сұрады.