Bugin

Соғыстың 831-күні: Украинадағы ахуал қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Madeleine Kelly / ZUMA Press Wire / Scanpix / LETA

Украинада соғыс басталғалы бері 831 күн өтті. Bugin.kz тілшісі Украина мен Ресей қақтығысына байланысты маңызды ақпараттарды kun.uz сайтына сілтеме жасап ұсынады.

Украинаның көптеген аймақтарында екі жылдан астам уақыт бойы күндіз-түні ұрыс жүріп жатыр.  Қақтығыстардың арасында аз уақыттық үзілістер болды. Луганск облысының Серебрянск орман алқабында соғысып жатқан "Азов" бригадасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ұрыстардың жаңа күнінің басталғанын сипаттайды:

"Жау шабуылынан күн сайын орман өзгеріп жатыр. Әскери қимылдардың әр күні, бір кездері ағаштарға толы жердің пейзажын адам танымастай өзгертіп жазық далаға айналдырып жатыр.  Ал жаяу әскер күн сайын өзгеретін ортаға бейімделуге мәжбүр",-деп жазды.

Төмендегі суреттер 30 мамырда Донецк облысында, Украина БК бөлімшелерінің бірінің қорғаныс позициясында түсірілген. Түсірілім кезінде украин әскері ресейліктерден 200 метрдей жерде болған.

Madeleine Kelly / ZUMA Press Wire / Scanpix / LETA

Madeleine Kelly / ZUMA Press Wire / Scanpix / LETA

Madeleine Kelly / ZUMA Press Wire / Scanpix / LETA

Madeleine Kelly / ZUMA Press Wire / Scanpix / LETA

Маңызды мәліметтер: 

- АҚШ атынан Швейцарияда өтетін бейбітшілік саммитіне вице-президент Камала Харрис қатысады.

- Нидерланды Украинаға жеткізуге уәде еткен 24 F-16 жойғыш ұшағымен Ресейдегі нысандарға соққы беруге рұқсат берді.

- Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына мобилизацияланған сарбаздардың әйелдері мен аналары келді. Олар жаңа министрмен кездесуді талап етті.

- Украина билігі ресейлік сарбаздардың украиналық тұтқындарға КСРО әнұранын айтуға мәжбүрлеген видеосына қатысты тергеу бастады.

- Ресей Украинаға соғысудан бас тартқан әскерге шақырылғандарды күштеп жібере бастады.

- АҚШ Украинаға берген қаруларымен Ресейге шабуыл жасауға рұсқат етті.

- Ресей әскері Харьков облысындағы демалыс базасына соққы берді.