Bugin

Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісін қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовты қабылдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Жақсылықовқа Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту  жөнінде бірқатар міндет жүктеді", - делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта.