Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Мұқатаева Бақытгүл экс-күйеуінен зорлық көргенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ерлан Айнабеков есімді азамат YouTube арнасында жалғызбасты анаға заңгерлік көмек керегін айтты. 38 жастағы келіншек күйеуімен ажырасқан. Ажырасуға ер адамның ұрып-соғуы себеп болған. Бақытгүл күйеуінің не себепті алимент төлемейтінін де айтты.
"2 баламен ажырастым. Ішіп алып ұратын. Ажырасып кеттік. 7 жыл болды. Бірақ алимент жаза алмаймын. Қорқамын. "Алимент төлеткізетін болсаң өлтіремін" деп қорқытады. Әлі күнге дейін қорқамын",- дейді келіншек.
Бақытгүл Мұқатаева перзенттері анасының қолында екенін айтты.