Bugin

“Өлтіремін”: Ер адам алимент төлемеу үшін әйелін бопсалаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Мұқатаева Бақытгүл экс-күйеуінен зорлық көргенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ерлан Айнабеков есімді азамат YouTube арнасында жалғызбасты анаға заңгерлік көмек керегін айтты. 38 жастағы келіншек күйеуімен ажырасқан. Ажырасуға ер адамның ұрып-соғуы себеп болған. Бақытгүл күйеуінің не себепті алимент төлемейтінін де айтты.

"2 баламен ажырастым. Ішіп алып ұратын. Ажырасып кеттік. 7 жыл болды. Бірақ алимент жаза алмаймын. Қорқамын. "Алимент төлеткізетін болсаң өлтіремін" деп қорқытады. Әлі күнге дейін қорқамын",- дейді келіншек.

Бақытгүл Мұқатаева перзенттері анасының қолында екенін айтты.