Bugin
Фото: Эндрю Маккарти
Танымал астрофотограф Эндрю МакКарти Күн бетіндегі белсенді аймақтың таңғажайып суретін жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.
Ол AR 3697 аймағында пайда болған қуатты алауды суретке түсірген.
Сонымен қатар МакКарти күрделі магниттік өріс сызықтарымен басқарылатын плазманың бірқатар фотосуреттерін жариялады. Астрофотограф әрбір шағын цикл Жерден үлкен екенін айтты.
Ғалымдар бұл табиғи құбылыс жердегі геомагниттік дауылдар мен төмен ендіктегі аврораларды тудыруы мүмкін екенін ескертті.