Bugin
Фото: freepik.com
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 74 мыңнан астам өтінім қабылданды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Бағдарлама бойынша 74 мыңнан астам адамның өтінімі қабылданып, 1 трлн теңгеден астам қарыз берілген.
Өтінімдердің басым бөлігі Астана, Алматы, Шымкенттен түскен. Астана бойынша 26 920 өтінім қабылданған. Ал Алматы қаласында 15 089 азаматтың өтінімі мақұлданды. Шымкентте 5 486 өтінімге қаражат аударылған.
Ең көп қаржы, яғни 426 млрд теңгеден астам қаражат Астанаға бөлінген.