Bugin
Фото: инстаграм @kokshetau.lider.kz
Көкшетауда 16 жастағы студент қыз жоғалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыстық орталық колледждерінің бірінде оқитын студент Анна Писареваның жоғалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардың жоғалған студенттің орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
"Студент футболка, спорттық шалбар, кроссовка киген. Барлығы қара түсті. Ерекше белгілері жоқ. Бойы 155-160 сантиметр, шаш үлгісі қысқа. Қыз жатақханадан шығып, қоқысты қоқыс жәшігіне лақтырып, әрі қарай телефонмен сөйлесіп кеткені белгілі", - деп хабарлады полиция.
Жоғалған қыз туралы ақпарат белгілі болса, 102 нөмірі бойынша полицияға хабар беруді сұраймыз.