Bugin
Фото: dzen.ru
Ақтөбеде үш полицейге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Бұл туралы Ақтөбе сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер қызметіне немқұрайлылық танытты деп айыпталған. Олар жұмыс уақытында уақытша ұстау изоляторын күзетуде ұйықтап қалған.
Сот өткен жылдың 11 қарашасында жергілікті полиция қызметінің уақытша ұстау изоляторын күзетуді үш полицей өз қолдарына алғанын анықтады.
"Қараңғы түскенде үшеуі де ұйықтап қалған. Мұны байқаған қамаудағы екі жігіт камераның есігін ашып, қашып үлгерген. Полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекетінің арқасында олар таңертең ғана қолға түсті", - делінген сот таратқан хабарламада.
Сот үкімі бойынша үшеуі де 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.