Bugin
Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі
21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мәжіліске сілтеме жасап.
Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады.
Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.