Bugin

Маусым айында елімізде құрғақшылық бола ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болатынын нақтылады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылаған-ды. Бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болады.

Атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:

- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;

- Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;

- Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;

- Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;

- Қарағанды облысының Шет ауданында;

- Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;

- Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,

- Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;

- Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.

Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайлары осы ай үшін нормаға жуық болады деп күтілуде. Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.