Bugin
Фото: depositphotos
Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы пайда болады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында өзара мәдени орталықтарды құру туралы келісімді қарады. Келісім 2023 жылғы 27 қарашада Астанада жасалған. Ол достық қарым-қатынасты дамытуға, мәдени-гуманитарлық саладағы алмасу мен ынтымақтастыққа бағытталған.
"Мемлекет басшының Қытай Халық Республикасымен достық пен әріптестікке негізделген саясатының аясында бірқатар үлкен бастамалар көтерілді. Соның бірі – Астана мен Пекинде өзара мәдени орталықтар ашу туралы шешім. Тарихымызда алғаш рет Қазақстаннның Қытайдағы мәдени орталығы ашылады. Ұлтымызды аспан асты елінде кеңінен танытып, екі ел арасындағы мәдени байланысты жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр", - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Жоба екі мемлекет басшысының Қытай мен Қазақстанда мәдени орталықтар құру туралы келісімі аясында әзірленді. Мұндай орталықтардың құрылуы мәдени, рухани байланысты нығайтуға серпін береді.