Bugin

Адам өлімі жақындағанын сезе ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Белгілі шығыстанушы Санжар Керімбай Дулат Тастекейге сұхбат берді,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

“Отбасы хрестоматиясы” жобасының авторларының бірі Санжар Керімбай адам өлімі туралы айтты. Оның айтуынша, адам өлімін алдын ала сезеді.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Фото: Санжар Керімбай. Дулат Тастекейдің видеосынан скриншот

Фото: Санжар Керімбай. Дулат Тастекейдің видеосынан скриншот

Ағартушы бұл туралы:

“Бір апа тапа-талтүсте  “қызым су жылытшы, мен жолға шығамын” деп айтыпты. Қызы іштей таңданыпты “85 жасында қайда бармақшы”,- деп.

– “Апа, қартайғанда қайда барасыз”,-деп сұрапты әңгімелеуші.

– “Көп сөйлемей, суды әкел”,-деп апамыз жақсылап асықпай жуынап алыпты.

Күйеу баласын шақыртып, ризалығын айтыпты. Көзі жайнап тұр екен. Балалары түсінбей қалыпты. Әже қызына да өсиет айтыпты. Кәлима қайырып, көзін жұмыпты да жан тапсырыпты”,-деп айтты.

Санжар Керімбай мән-мағына, қисса туралы сұхбат беруді өтінетіндердің саны көбейген. Ол “логотерапия” ғылымын зерттеп, өмірдің мәні туралы ізденіс жасап жүр. Оның "Өзбекәлі және мәдени мұра", "Бейсен және болмыс", "Қуыскеуде" кітаптары ел арасында танымал болды.