Bugin

Адамдар ыстықтан көз жұмуда. Үндістанда не болып жатыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Getty Images

Үндістанның көптеген аймақтарында екі аптадан бері 45-46 градус ыстық болып тұр. Тіпті ауа температурасы 52 градусқа дейін көтерілген күндер де болды.Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жаса хабарлайды.

Үндістан астанасы Делиде екі күннің ішінде аптап ыстық рекорды екі рет жаңарды. 28 мамырда Делидегі негізгі метеорологиялық бақылау станциясында ауаның максималды температурасы +49,9 градусқа жетіп, 2022 жылғы рекордты жаңартты. Ол кезде ауа температурасы +49,2 градусқа жеткен. 29 мамырда жоғары температура рекорды тағы да жаңартылды. Температура +52,3 градусқа жетті.

Фото:Су алуға жиналған адамдар. Getty Images

Фото:Су алуға жиналған адамдар. Getty Images

Елдің орталық және солтүстік өңірлерінде соңғы тәулікте ауа температурасының көтерілуіне байланысты бірқатар адам аптап ыстықтан қайтыс болған. Руркела аймағындағы аурухананың өзінде 10 адамның өлімі тіркелген.

Бихар, Раджастхан, Джаркханд және ел астанасы Делиде ыстыққа төзбеген адамдардың өлімі анықталған.