Bugin
Фото: depositphotos
Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан қалаларының біріне ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәжілісмен Нұртай Сабильяновтың айтуынша, жобаТүркістан қаласы туралы.
"Заң жобалары Түркістан қаласын дамыту үшін тиімді орталық құруға, Қазақстанның рухани және тарихи орталығы ретінде қоғамдық қатынастарды реттеуге, қаланың тарихи келбеті мен нысандарын сақтауға, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған", - деді Нұртай Сабильянов.
"Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын Сабильянов басқаратын Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті қарайды.