Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
"Көреміз" бағдарламасына Тәжігүл Назарова есімді әйел көмек сұрап келген, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тәжігүл Назарова қайын әпкесімен соттасып жүр. Даудың негізгі себебі – баспана.
"Осы үйдің дауымен күйеуім мүгедек болды. 4 айдан асты, жүре алмайды, тамақ жей алмайды. Сөйлеуден қалды",- дейді әйел.
Тәжігүл Назарова мен жолдасы 1992 жылы баспана сатып алады. Бірақ қайын енесінің өтінішімен үйді аурушаң қайын әпкесінің атына жаздырған. 2023 жылы қайын әпкесі қаза болған. Кенеттен үйдің иесі тағы бір қайын әпкесі, әулеттің үлкен қызы Бахар Илахунова болып шығады. Тәжігүл Назарова қайын әпкесінің рұқсатсыз жасаған ісіне наразы. Алайда соттың дауы басталғанда Тәжігүл Назарованың жары дүниеден озған. Бахар Илахунова інісінің үйін иемденгеннен бөлек, жиенінің де үйін сатып жіберген екен. Сонымен қатар Бахар Илахунова тағы бір бауырының әйелін үйден қуып, ажыратқан. Сіңілісінің жері де Бахар Илахунованың атында болып шықты.
Тәжігүл Назарованың айтуынша, Бахар Илахунованың басында 6 үй және сіңілісінің жері бар. Сорақысы Бахар Илахунова бұл мүліктің бәрін заңсыз иемденген.