Bugin

"Үйімде зорламақ болды": жәбірленуші полиция қызметкерлері күдіктіні босатып жібергенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Заңгер, Human right Lawyers қорының жетекшісі Ләззат Рақышева жыныстық және тұрмыстық зорлыққа ұшыраған адамдардың арызын қабылдайды. Жәбірленушілер оған хат жазып, өмірге керек кеңес ала алады. Ол үйіне бөтен адам кіріп зорламақ болған әйелдің оқиғасын желідегі парақшасына жариялады,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Хат авторы сұмдық жайттың бүгін түнде орын алғанын жазған. Оны ауылдас ер адам үйіне кіріп зорламақ болған. Жәбірленуші бұл туралы:

"Бүгін ауылда тұратын бір ер кісі түнде ұйықтап жатқан жерімнен үйіме келіп, мені зорламақ болды. Мен өзімді қорғап, далаға қарай жүгірдім.
Енді үйге кірген уақытта мен есіктің даусынан оянып кеттім. Ол арам ойын іске асырған жоқ.  Апамыз көрші жеңгеге қоңырау шал деді. Мен қоңырау шалып тұрған сәтте ер адам кіріп келді. Әлгі адам менің екі қолымнан қысып ұстап, жібермей тұрды. Қолымдағы телефонмен ұрғылай бастадым. Телефонымды тартып алды.  Мені артқа бір итеріп өзінің үстіне құлатпақшы болды. Сол кезде ер адам үстелге құлады. Сол сәтті пайдаланып, телефонымды қайтарып алып бетінен, денесімен телефонмен ұрғылай бастадым.Осы кезде сытылып, сыртқа қашып кетті. Далада 3 бала тұр екен, солар әлгі адамды қуалап кетті",-деп жазды.

Әйел ауылда тұратындықтан, еш күмәнданбай үйіне құлып орнатпағанын айтады. Жәбірленуші полиция қызметкерін шақырып, арыз жазған. Полиция әйелдің қалтырап, дірілдеп зорға сөйлеп тұрғанын көрсе де, күдіктіні босатып жіберген. Ер адам әйелдің үйіне қайта келіп, кешірім беруін сұраған.

Жәбірленуші ер адамның басқа біреуге тағы зорлық көрсетуі мүмкін деп қорқып отыр. Ол полицияға енді сене алмайтынын айтып, заңгерден көмек сұраған.