Bugin

Асырап алған 6 балаға ит пен мысықтың етін берген емшіге қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Шымкентте 6 баланы асырап, оларды жұмысқа жеккен емші туралы тың дерек шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Бірнеше жылдар бұрын Ұлықбек емші туралы республикалық арналар “Әруақты емші” деген хабар дайындаған екен.  Журналистке емшіні танитын қарындасы хат жазған.

"Ұлықбек Сманов Оңтүстік өңірдің Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында туып өскен. Ата-әжесінің қолында тәрбиеленген екен. Нақты жасы 51-де. Әжесінің айтуынша бала кезде кешкісін Бадам өзенінің жағасында ұйықтап қалған, содан ауытқу басталды. Көрші-қолаң мазақтап күліп, ата-әжесі “баламыздың өз әлемі бар” деп қорғаштады. Есейе келе ауытқуы асқынып, псих. диспансерде емделгені рас",- деп жазған қарындасы. 

Кейін емшілікпен айналыса бастағанын, тіпті мектепте музыкадан сабақ бергенін де айтты. 

"Әруақ қонды деп, арқасы қозып, өздігінен сағаттап сөйлей бастайды. Зікір оқып, қамшымен дем саламын деп жүрді өзі. Арасында қазақ-араб университетін оқыдым деп, 2010-шы жылдары Отырар колледжінде музыкадан сабақ та берген. Кейін үйленіп, мал бағып, малды-жанды болып тұрмысы көтерілді",- делінген хатта.

Қарындасы ағасының Индира есімді жары бар екен, ол екеуі әжелерін асты-үстіне түсіп қарағанын да жазған.

"Ол псих больницада учетта тұрса асырауға 6 баланы кім берді, неге берді, неге тексермеген? Біз тіптен білмедік бұл үйде 6 бала барын, әлде, жүйке ауытқуын біліп, бауырымызды біреу подставить етті ме екен? Ақшаға мұқтаж емес, мал-жаны бар адам. Өмір бақи қараусыз мысық-күшікті жағалап, артынан шұрқыратып тамақ беріп жүретін. Егер, 4 жыл бойы 6 балаға ақша алып келсе оны қайда, кім жұмсады екен?", - дейді емшінің қарындасы.

Қазір Ұлықбек Сманов емдеу бөліміне жатқызылды. Балалар үйіне хабарласқан 16 жасар ұл мен қыз Шымкент қалалық қиын  жағдайға түскен балаларды бейімдеу орталығында. Қалған 4 бала бөбектер үйіне орналастырылған.