Bugin

Ер адам күйеуі бар келіншекті зорламақшы болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға келіншек зорлық жасамақшы болған ер адам туралы айтып, хат жолдаған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Келіншек хатты бүгін, 5 маусым күні жазған. Ал оны кеше түнде зорламақшы болған екен . Бойжеткен Ләззат Рақышевадан көмек сұрайды. 

Ер адам келіншектің үйіне кіріп, зорламақшы болған. Ол қашып үлгерген.

"Далада 3 ер адам тұрды. Соларға айтып бердім. Олар әлгі еркекті қуып кетті. Бүгін полиция келді. Мен қорқып қалғанмын. Болған оқиғаны әрең айттым. Маған көмектесіңізші. Ауылдың полициясына сенім жоқ, ақшамен шешіп кете ме деп қорқамын",- дейді бойжеткен. 

Келіншек жолдасының Шымкентке жұмысқа кеткенін айтты. Күйеуі болған оқиғадан әлі хабарсыз екен.