Bugin

Алдағы күндері еліміздің қай өңірлері қатты ыстық болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphoto.com

Синоптиктер 6-8 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген облыстарда жаңбыр жауады. 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады.

Еліміздің оңтүстігінде күндіз +35+43 градус, оңтүстік-шығыста +35+40 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылайды. Республиканың батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38 градус болады. 8 маусымнан бастап +25+30 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз +22+30 градустан +20+25  дейін ауа температурасы төмендейді.