Bugin
Фото: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрлік ата-аналарға төмендегі жағдайларды ескертті:
Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне сақ болыңыздар;
Суға шомылу маусымының ашылуына орай министрлік барынша сақ болуға шақырды.
Шомылуға тыйым салынған жерлерге бармаңыздар;
Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
Қызу күйде суға түспеңіз;
Су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
"Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз", - делінген ТЖД таратқан ресми ақпаратта.