Bugin

Жоғары сот белсенді Марат Жыланбаевтың арызын қараудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: azattyq

Жоғарғы сот былтыр жеті жылға сотталған марафоншы, оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевтың кассациялық арызын қараудан бас тартты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы azattyq-қа сілтеме жасап.
 
Сот алқасы "оған негіз жоқ" деп тапқан.  
 
Жабық сот бір сағатқа созылды. Адвокаттың сөзінше, белсендінің өзін сотқа қатыстырмаған. Жыланбаевтың адвокаты "күресімізді тоқтатпаймыз" деді. 

"Бас прокурор, кейін сот төрағасына, одан нәтиже шықпаса конституциялық сотқа арызданамыз" деді Мейіржан Досқараев. 

60 жастағы Марат Жыланбаев үкімге наразылық ретінде түрмеде бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Жыланбаевты босатуға үндеп келеді.