Bugin

Елімізде кімдерге бәс тігуге болмайтыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуіне және букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.  

Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шамамен 280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады. 

Сонымен қатар байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуге тыйым салынды. Құжатта букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалау барынша шектелген.