Bugin
Фото: dzen.ru
Әйелін ұзартқыштың сымымен буындырып өлтірген полицей ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Қостанайда аға лейтенант әйелін ұзартқыштың сымымен буындырып, артынша гаражда өз-өзіне қол салған.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар ішкі істер органдарында қызмет еткен. Сотталушы азамат Қостанай қалалық ІІБ патрульдік полиция батальоны жауынгерлік бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді. Полицейдің асырауында екі баласы бар.
"Ж. есімді азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтесін. Сотталушы полиция аға лейтенанты арнайы атағынан айырылсын", - делінген сот хабарламасында.
Сот отырысы жабық өтті. Себебі сотта күйеунінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелдің әдепсіз әрекеті айтылған. Ол жауапкершілікті жеңілдететін жағдайға айналды.
"Ерлі-зайыптылардың жеке өмірінен интимдік мәліметтер бар болғандықтан сот отырысы жабық қаралды. Жан-жақты сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасы қорытындысы бойынша жәбірленушінің мінез-құлқында азғындық бар екенін растаған куә мен сарапшының айғақтары келтірілді", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.