Bugin

Ақшаны дұрыс басқару үшін не істеу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pixabay 

Кез келген адам өз ақшасын үнемдеп, дұрыс пайдалануды ұнатады. Bugin.kz порталы ақшаға қатысты тиісті әдістер мен кеңестерді ұсынады.

1) Қаржылық шығындар мен кірістерді жазып алыңыз.

Сіз пайда мен шығынды мұқият жазып, бақылай алсаңыз нақты қайда көп шығындалатыныңызды оңай анықтауға болады. Қаржыны есепке алу кез келген адамға қажет. Ол ақшаны жинақтау жолындағы бірінші және маңызды қадам болып табылады.

2) Бір затты сатып аларда ойланыңыз. Супермаркеттердегі өнімдер сатып алушы дүкенде көбірек ақша қалдыруы үшін алдыңғы сөрелерге орналастырады. Әдемі қаптама, жарқыраған жарнама және жеңілдіктер. Сондықтан дүкенге бармас бұрын, қажетті заттардың тізімін жасаңыз.

3) Дүкен не арнайы тамақтану орындарында аштықпен көп затты алып қоюдан сақ болыңыз! Кез келген ірі сауданы мұқият ойланған жөн. Көптеген адамдар эмоциялардың бір сәттік әсеріне бой алдырып, көп ақшаны жұмсап қояды.

4) Артық ақша төлемеңіз. Мұны іске асыру үшін ұялы және үйдегі интернеттің, ай сайынғы трафиктер мен тарифтерді тексеріп алыңыз. Жеңілдіктерге назар аударған абзал.