Bugin
Фото: zelloaktоbe парақшасынан алынды
Ақтөбеде үйінін шығып кеткен 13 жастағы балаға іздеу жарияланды. Оны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздесе де табылмай жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Ақтөбе" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бала 2 тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. Жасөспірімнің ауладан шыққан сәті көрші үйдің бейнебақылау құрылғысына түсіп қалған. Үстіне сұр түсті футболка, қара түсті іш киім киген.
Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев:
"Баланың орналасқан жерін анықтауға арналған кешенді іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жасөспірімді іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар басқармасының жұмысшылары, еріктілер бар. Полицияға хабарланған сәттен үйлердің аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, орман алқаптары тексерілуде",-деп айтты.
Бұл туралы мына сілтемеден көре аласыздар.