Bugin

2 жасар бала Каспий теңізінде суға батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақтау порты. depositphotos.com/

Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта қайғылы оқиға болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Бала 2022 жылы туылған. Оның денесі судан шығарылып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдайлар департаменті Маңғыстау облысының тұрғындарына үндеу жариялады. Бұл туралы мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.