Bugin

"4 адам қайтыс болды": Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: апатқа ұшыраған көлік. Ақтөбе облысы ПД

Кеше,  5 маусымда сағат 15:00 шамасында “Ақтөбе-Орск” автожолында Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында  жол апаты болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көліктің аударылуына себепші болған. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылған.

Ведомство хабарламасында:

"​Аталған автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушыларды ресми түрде тасымалдаған. Жол апатынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды. Алайда, соған қарамастан жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген",-делінген.
​Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
​Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Оқиға видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.