Bugin
Фото: Айгүл Елшібаева мен Жүрсін Ерман. aigulyelshibayeva01 парақшасынан
Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі әншінің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші Жүрсін Ерманмен бірге түскен суретін жариялап, арнайы лебізін жазған. Ол:
"Жезқазғанда өткен командалық ақындар айтысында Жүрсін ағам төрағалық етті. Денсаулығы жақсарғанын көріп қуанып қалдым.
Ең алғаш айтыс арасында терме айтқызып, 23 жасымда Республика сарайын шулатып, халықтың ықыласына бөленуіме, 30 жасымда Францияда өткен ақындар айтысында Париж сахнасын термемен шулатуыма дәстүрлі өнердің жанашыры Жүрсін ағамыз себепші еді.
Аман жүріңіз, айтыс өнерінің қара нары. Бақытжамал апамызбен қол ұстасып, бірге қартайып, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз",-деп жазды.
Жүрсін Ерманның денсаулығы қазір жақсарған. Осыған дейін оның арбасыз, өзі қозғала алатыны туралы жазған едік.