Bugin
Фото: depositphoto.com
Қарағандылық құтқарушылар жоғалған балықшыларды іздеп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство хабарламасында:
"Шахтинск қаласынан 2 шақырым жердегі жасанды су қоймасында балықшы жоғалып кеткен. Ол 1 маусымда моторлы қайықпен кетіп, қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстары жалғасуда,-деп жазды.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Осакаров ауданында 11 мамырда үрлемелі қайықпен жүзіп кетіп, қайтып оралмаған 1951 жылғы балықшыны іздестіру жұмыстары қайта жүргізуде.
ТЖМ қызметкерлері балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді.