Bugin

Тоқаев Швеция Короліне құттықтау хат жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

"Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.