Bugin

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында топ жарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympic.kz

Велоспорттан Қазақстан командасы Алматыдағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар аралас командалық эстафетада топ жарды. 

Бұл бәсекеде ел намысын Рината Султанова, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потаповалар қорғады.

Екінші орынды Өзбекстан құрамасы, үшінші орынды Гонконг командасы иеленді.