Bugin
Фото:ТЖМ
Ақмола облысында дауыл кезінде 3 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Үш жас жігіт үшін катамаранмен серуеннің соңы қайғылы жағдайға ұласа жаздаған.
Бурабай көлінің жағасынан алыс жүзіп жүрген жастар жел көтерілген соң кері қайта алмаған.
Ақмолалық құтқарушылар көмекке келіп, оларды жағаға алып шықты.
ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.