Weekend
Поэзия
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Мінез деген көркем еді тек сенде
Небір зәбір көріп ылғи өтсең де
Сабыр қылып, елді өзіңе шақырдың
Жақсылықты түсінген ғой кеш пенде
Өзіңді еске аламын ғой "панам" деп.
Қияметте нұрлы жүзбен қарар деп.
Салауатты шүкірлікпен айтпайды
Айтады елдер бастарына залал кеп
Бар әлемге сен бақытты сыйладың.
Сүйсін жүрек сүйсін сені, сүй жаным
Жылап алам естігенде біз үшін
Бауыр еті баласын да қиғанын
Көргенсің-ау Пайғамбарым мұңды көп
Бүгіндері қадіріңді білді көп
Ал, кезінде елдер сені менсінбей
Алалапты "барып тұрған жынды"деп
Бірден келіп мойындапты кімді адам?!
Өмір дейміз ол алдамшы шырғалаң
Шырғалаңда менің жалғыз бақытым
Өзің алған Құраныңды тыңдаған
Жәннатты да мына өзің көріптің
Адамдардың ішіндегі көріктім
Хауз жақта күтем дептің біздерді
Мен сол жерде келер еді жолыққым
Тасыпты ғой сол заманда күщің де
Тиянақты болыпты әркез ісің де
Бар арманым-мына сені бір көру
Тәтті ұйқыда жатқан кезде , түсімде
Я, Жаратқан, мені өзіңе асық ет
Қияметте келмесінші қасірет
Пайғамбарды бір рет түсте көрейін
Жаратқаным сол бақытты нәсіп ет!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61