Bugin

Президент Леонардо да Винчидің картинасының түпнұсқасын тамашалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Президентке Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" картинасының түпнұсқасы көрсетілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр. 

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты.

Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің бұл туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.