Bugin

Ерлі-зайыптының ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @qozhaiyn

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасына халықты сан соқтырған ерлі-зайыптының суретін жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Заңгерге бірнеше адам шағымын айтқан. Күдіктілер Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғындары екен. 

"Аталған жұп "Шымкенттегі Алаш базарға алтын өткіземіз, инвестицияға ақша берсеңдер, байытамыз" деп жоқ болып кеткен. Қазір сыныптастарының өзі қомақты қаржы беріп, алданғандарын айтып отыр",- деп жазды заңгер.

Нұрсұлтан Орынбеков сол базардағы саудагерлер де алданып қалғанын айтты.

"Оларға қоса сол базардағы алтын сататын саудагерлерді де қораға тығып кетіпті",- деді ол.

Заңгер ерлі-зайыптының атынан ұжымдық арыз дайындалып жатқанын хабарлады.