Bugin
Фото: freepik.com
Көп адам шайды ыстықтай ішкенді ұнатады. Бірақ ыстық шай ағзаға зиян, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы
Ғалымдар шайды ыстықтай ішуге болмайтынын ескертеді. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады екен.
Шайдың температурасы 56 градустан аспауы керек. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Ал шай дайындау үшін суды ұзақ уақыт қайнатқан дұрыс екен. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.