Bugin

“6 жаста зорлық көрдім”: түрмеден шыққан келіншек қиын тағдырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түрмеде жазасын өтеп шыққан әйел зорлық-зомбылық туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Гүлзада Сәлім Bilgen Durys YouTube арнасында басынан өткен жағдайды баяндады.

"Мен кішкентайымнан зорлық-зомбылық көрдім. 6 жасымда қыздармен ойнап жүргенбіз. 14-15 жастағы бір топ жігіт қасымызға келді. Қыздар қашып үлгерді. Жігіттер менің іш киімімді тартқылап жатқанда есеңгіреп қалдым. Қатты айқайладым. Балалар қашып кетті. Бірақ менің бойымда қорқыныштың болғаны сонша, мен әлі ол жағдайды ұмыта алмаймын",- деді келіншек.

Гүлзада Сәлім көп жағдайда өзінің құқығын білмегеніне өкінеді. 

"Ол кезде кішкентай болдым. Полицияға айту дегенді білмедік. Көп жағдайда құқығым тапталды. Жолдасым ұрған кезде де полицияға шағымдануыма болар еді. Бірақ 5-6 сағат ренжіп, кейін сөйлесіп кететінмін. Мен оған "сен мені ұрсаң мен кешіре аламын" деген позицияны өзім ұсындым. Көп қазақтың келіншектері осы кейіпте",- деді ол.

Гүлзада Сәлім "зорлық" деген сөздің мәніне тоқталды.

"Саған дөрекі сөйлеп, айқайлағауда зорлық қой. Саған психологиялық қысым жасаса, сені иемденсе де зорлық танытып тұр ғой. Өзіңнің қалаған ісіңе қарсы болса да зорлық",- деді келіншек. 

Гүлзада Сәлім түрмеде зорлық-зомбылықтың құрбаны болмағанын айтты.