Bugin
Фото: pixabay
Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жалаңаш видеоға түсіріп, қорқытқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Айыпталушы экс-жқбайынан ортақ үйлерінің құнының бір бөлігін төлеуге мәжбүрлеген. Қазір ер адамға қатысты сот үкімі қайта қаралды.
Әйеліне жасаған қастандығынан бөлек ер адам өз баласын суицидке дейін жеткізу бабы бойынша да айыпталуда.
Апелляциялық сот ер адамның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Сот мәліметінше, ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен. Ал арадағы кәмелетке толмаған бес бала анасының қамқорлығында қалған. Дегенмен "әкелері" балаларына тыныштық бермеген. Түн ішінле ол үйдің ауласына кіріп, терезе арқылы үйге енген. Кейіннен бұрынғы әйелі мен оның әпкесінің жалаңаш күйін видеоға түсіріп алған көрінеді.
Келесі күні айыпталушы бұрынғы әйелін нотариусқа шақырып, әйелден үй төлемінің жартысын қайтарамын дегізіп қолхат жаздырып алған.
Қазір айыпталушы сотталды.