Bugin
Фото: polisia.kz
Павлодар-Ақсу автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Жол-көлік оқиғасынан кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі мен жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті мәлімдеді.
Скутер КамАЗ жүк көлігіне Қарабай ауылы аумағында соқтығысқан. Қайғылы оқиға болған жерге екі жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған.
Дәрігерлер жол апаты салдарынан 15 жасар жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлады. Ауыр жарақат алған тағы бір 15 жастағы бала №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда екінші жасөспірім қайтыс болды.