Bugin

Еліміздің қай өңірінде 40 градус ыстық болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: 24smi

Бүгін, 7 маусым күні еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Қазақстанның бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болатынын болжап отыр. 

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады. 

Ақтөбе облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ал Атырау облысының солтүстігінде күндіз облыста 37 градус қатты ыстық күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.  

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі.