Bugin
Фото: opennews.kz
Жетімдер үйінде тәрбиеленген азамат үй кезегінен айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Ер адам Екібастұзға барып жұмыс істеген. Оның сол жақта уақытша тіркелуіне байланысты Павлодарда комиссия баспанаға тұрған кезегінің күшін жойып тастаған.
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастау фактісі бойынша сот ісі қаралды.
Өз кезегінде Павлодар қалалық тұрғын үй комиссиясы талап қоюшыны басқа елді мекенге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кезектен шығару туралы шешім қабылдаған.
"Сот шешімімен талап қоюшының тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді. Себебі жұмыс орны бойынша уақытша тіркеуге тұру азаматтың тұрақты тұрғылықты жері болып табылмайды. Сот тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тұрғынжай алғанға дейін есепке қойылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар есептен шығарылып тасталуға жатпайтындықтан "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 73-бабы 1-тармағының нормаларын қолдануды орынды және әділ деп санады", - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.