Bugin

Қарағандыдағы түрмеден тұтқын қашып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қашқан жазасын өтеуші.  patriotkaragandy

Қарағанды облысындағы түрмеден бостандыққа жуырда шығатын тұтқын қашып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қашып кеткен тұтқын небәрі 3 айдан кейін бостандыққа шығуы керек еді. Бірақ ол жаза мерзімінің аяқталуын күтпей, қашып кеткен.

"Патриот" басылымы:

"Аты-жөні  – Ошанаев Жандос, 1992 жылы дүниеге келген. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтары бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеген. Тіркелу жері – Қарағанды ​​қаласы.  Туыстары Теміртауда тұрады.

Бойы - 175 сантиметр. Салмағы  – 73 келі. Орта денелі, шашы  – қара қоңыр.

Сол жақ білегінде 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында "сақина" дизайны түріндегі татуировкасы бар",-деп жазды.

Сотталушының суретімен іздеу жарияланды. Полиция қызметкерлері қашқан тұтқынды көрген адамға хабар беруді өтінеді.